14.06.2024ж. №19
Шымкент қаласы мәслихатының
шығып қалған депутатының
орнына мандат беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 111-1 бабының 6-тармағына сәйкес Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының ұсыныс хатын негізге ала отырып, мерзімінен бұрын шығып қалған депутаттық мандатқа Позилов Бакытжан Джолдасбекович Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
- Тіркелген Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Б. Позиловқа депутат куәлігі және төсбелгі табыс етілсін.
- Осы шешім Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға К. Кунанбаев
Хатшы У. Исабаева