Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидаттардың құжаттары сәйкес келмеуіне байланысты жалпы конкурс жариялау туралы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

№1-2

 

Шымкент қаласы                                                                                 02.09.2020 жыл

 

Қатысқан: Ж. Жорабеков – комиссия төрағасы.

Комиссия мүшелері: Ғ. Байсариев, Б. Адильханов.

Комиссия хатшысы: А. Измуханов.

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидаттардың құжаттары сәйкес келмеуіне байланысты жалпы конкурс жариялау туралы.

Тыңдалды: Ж. Жорабеков – Мына төмендегі мемлекеттік мекеменің  «D-О-3» және «D-О-4» санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына:

Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы D-О-3 санаты, 1 бірлік лауазымына ішкі конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған кандидат Г.Машрапованың, Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер 31.08.2021 дейінгі бала күтуміне байланысты) D-О-4 санаты,                        1 бірлік лауазымына ішкі конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған кандидат жоқ және Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты, 1 бірлік лауазымына ішкі конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған кандидаттар Д.Жунисов және Т.Өстемірованың Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабынының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, әңгімелесуге жібермеуді ұсынды.

      Г.Байсариев: - Ж. Жорабековтың ұсынысын дауысқа салды.

Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымына және Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің бас маман лауазымына құжат тапсырған кандидаттарды әңгімелесуге жібермеуді бірауыздан қолдады.

        Баяндалғанның негізінде конкурстық комиссия шешті:

Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымына құжаттарын тапсырған кандидат Г.Машрапованы және Шымкент қаласының  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің бас маман лауазымына құжаттарын тапсырған кандидаттар Д.Жунисовпен Т.Өстемірованы әңгімелесуге жібермеуді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидаттардың құжаттары сәйкес келмеуіне байланысты жалпы конкурс жариялау туралы.
Дата публикации
02 сентября 2020