Қазіргі уақытта үлестік құрылысқа қатысу қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігін хабарлаймыз.
Үлескерлерден қаражатын тарту «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 -бабының 1 -тармағына сәйкес үш әдіспен жүзеге асырылады:
қаражат тарту (жергілікті атқару органның шешімі).
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Осыған орай, қала тұрғындардың назарына үлескерлердің қаражатын рұқсатсыз тартуға болмайтындығын мемлекет және орыс тілінде бұқаралық ақпараттық құралдарына (газет, әкімдігінің ресми сайттында) және қаланың 5 ауданы бойынша билбордқа жариялауларыңызды сұранамыз.
Қосымша: 1) жадынама-2 парақта
2) Үлескерлерден қаражатын тартуға берілген рұқсаттар тізімі -4 парақта тіркеледі.
Басқарма басшысы Н. Жунусбеков