Жоба
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-тармағының 12-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10087 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі №575 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде №27596 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Мекамбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Кәрімовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков