Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы №724 қаулы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, «674-705+624 км А-2 «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы (Шымкент қаласын айналып өту) автомобиль жолын реконструкциялау», VII кезең. Сметалық құжаттаманы түзету» нысанының құрылысы үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Шымкент қаласында Д. Қонаев көшесінің жалғасын (Түркістан көшесінен бастап жол айрықтарымен темір жолға дейін) салу.
    ПК5+80-ПК22+93.67 учаскесі нысанының құрылысы үшін осы қаулының
    2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  3. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында
    №7 автомобиль жолы және инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, табиғи газ, кәріз, электр, байланыс желілері) құрылысы үшін осы қаулының
    3-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  4. Шымкент қаласы, «Қонаев көшесінің (көлік айрықтарымен бірге Дамбовая көшесінен А-2 автокөлік жолға дейін) жалғасын салу. Бадам өзені арқылы өтетін көпірден 4+70,0 шақырымға дейін шекара 1-учаскесі» Этап V» нысанының құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  5. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Шаңырақ шағын ауданы, Жайдары көшесінің жалғасының құрылысы нысаны үшін осы қаулының
    5-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  6. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, №19а үй маңында балалар алаңшасының құрылысы үшін осы қаулының
    6-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  7. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағын ауданы, Атауы жоқ көшесіне орташа жөндеу нысанының құрылысына түсуіне байланысты осы қаулының 7-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  8. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 17 шағын ауданда кірме жолдың құрылысы үшін осы қаулының 8-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  9. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  10. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
  11. Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі,
    №39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  12. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жүнісбеков жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  13. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  14. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жүнісбековке жүктелсін.
  15. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

                                        

 

        Шымкент қаласының әкімі                                            Ғ. Сыздықбеков

каз
Дата публикации
27 февраля 2024