«О специальных экономических и индустриальных зонах»

 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 2024 жылғы 1 ақпандағы № 4 хаттамалық тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласындағы «Құрылыс материалдары» индустриялық аймақтың түрі өңірлік индустриялық аймақ ретінде айқындалсын.
  2. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Құрылыс материалдары» индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындалсын.
  3. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық

даму басқармасы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

Шымкент қаласының әкімі                                         Ғ. Сыздықбеков

Дата публикации
26 февраля 2024