«Шымкент қаласының аумағында қалалық қатынастарда
жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу және Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19–бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты әдеттегі және әлеуметтік мәні бар қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 100 (жүз) теңге;
2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты әдеттегі және әлеуметтік мәні бар қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
|
Шымкент қаласының әкімі |
|
Ғ.Сыздықбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
_________________ Б. Нарымбетов
2024 жыл «______» ______________