Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысы

Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңының 6-бабының           3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62-бабы 6-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)  осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін:

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.

Шымкент қаласының әкімі                                                                 Ғ. Сыздықбеков

каз
Дата публикации
29 января 2024