«2024 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы» қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының
2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

каз
Дата публикации
22 января 2024