Шымкент қ. № 2 8 қаңтар 2024 жыл
Төрағалық еткен: Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков
Қатысқандар: (тізім бойынша)
(А. Кәрімов, Д. Ахметжанов)
Қала әкімінің орынбасары (А. Кәрімов), кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасы (Б. Әзімбердиев), «Shymkent» ӘКК» (Д. Ахметжанов - жинақ), құрылыс басқармасы (О. Тәжібаев), сәулет, қала құрылысы және қатынастары басқармасы (Н. Жүнісбеков) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
Орындалу мерзімі: 2024 жылғы 15 қаңтарға дейін.
(Е. Сейтенов. Б. Парманов)
Аппарат басшысы (Е.Сейтенов) және Абай ауданы (Б. Парманов) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
2.1. Абай ауданының әкімі Б. Пармановтың баяндамасы назарға алынсын.
2.2. Аппарат инспекторлары бақылау барысында аудан аумағында орын алған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын.
2.3. Нұршуақ шағынауданында қоқыс қалдықтары алаңына айналған стихиялық аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын.
Орындалу мерзімі: 2024 жылғы 15 қаңтарға дейін.
Қала әкімінің бірінші орынбасары (Қ. Асылов), сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы (Н. Жүнісбеков - жинақ), аппарат басшысы (Е. Сейтенов), Абай ауданы (Б. Парманов) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
2.4. Аудан аумағында анықталған 1470 тұрғын үй иелеріне құжаттарын ресімдеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдансын.
2.5. Достық шағынауданында өз бетінше иеленіп алған жерлер бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдансын.
2.6. Қызылжар шағынауданында ескі стадионның жер учаскесін заңдастыру үшін тиісті шаралар қабылдансын.
Орындалу мерзімі: 2024 жылғы 31 наурызға дейін.