«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2023 жылдың қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 170 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 13 323 301, жеке тұлғаларға: 13 299 882 және заңды тұлғаларға: 23 419 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 131 387 (үлесі 1%), жеке тұлғаларға: 115 045 және заңды тұлғаларға: 16 342 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 78 230, жеке тұлғаларға: 76 987 және заңды тұлғаларға:  1 243 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 53 157, жеке тұлғаларға: 38 058 және заңды тұлғаларға: 15 099 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 13 191 914 (үлесі 99%), жеке тұлғаларға: 13 184 837 және заңды тұлғаларға:                                     7 077 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 11 377 057, жеке тұлғаларға: 11 369 980 және заңды тұлғаларға: 7077 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 814 857 (жеке тұлға).

2023 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 13 149 бірлік.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 2 шағым келіп түсті.

2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде                                   ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.

Жоспарға сәйкес, 16 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 141 бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 2 нысанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің                  69-бабының 3-бөлігінің талабын сақтамау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 683 бұзушылық фактісі анықталды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 48 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 7, орындалғаны – 7.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 227 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 21 029 адам қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 32 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

каз
Дата публикации
11 января 2024