Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Шымкент қаласы әкімі орынбасарының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 01-04-16/1297-Қ/Х санды қызметтік хаты негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы
13 шілдедегі №1695 қаулысының күші жойылды деп танылсын;

2) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы
18 шілдедегі №1717 қаулысындағы 2-қосымшасындағы 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 жолдарының күші жойылды деп танылсын.

  1. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  2. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жүнісбековке жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары             Қ. Асыловқа жүктелсін.

 

       

        Шымкент қаласының әкімі                                                Ғ. Сыздықбеков

каз
Дата публикации
09 января 2024