Шымкент қаласына арналған «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша аралық есеп

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының әкімдігі мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында Шымкент қаласына арналған «Жасыл қала» іс-қимыл жоспары әзірленуде. Шымкент қаласына арналған «Жасыл қала» іс-қимыл жоспары ЕҚДБ «Жасыл қалалар» бағдарламасының бөлігі болып табылады, ол қалаларға тұрақтылық мақсаттарын анықтауға және саяси мен экономикалық тұрғыдан негізделген инвестициялық жоспарды және қалаларды жасыл болашаққа көшіру бойынша әрекеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Жоғарыда аталған жоспарды әзірлеу жұмыстары 2024 жылы аяқталады.

Шымкент қаласына арналған «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша алдын ала есеп қала тұрғындарын атқарылған жұмыстарымен хабардар ету үшін жарияланады.

Туындаған сұрақтар бойынша 8/7252/247510 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

каз
Дата публикации
08 января 2024