Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ХҚБ сервисі іске асырылды, онда республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындары өздері абаттандыру идеяларын ұсына алады, оларды жобалар деңгейіне дейін пысықтай алады, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдай алады. Жоба тұрғындарды кез-келген жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ХҚБ сервисінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен интеграциялау арқылы ХҚБ жобасына дауыс бергісі келетін адамның тіркелуін тексеру тетігі қосылды, егер бұл адам ХҚБ жобасының объектісі орналасқан ауданда тіркелген болса, жобаға дауыс беруге болады. Тексеру адамның тұрақты және уақытша тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.
Әкімдіктер ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады. Одан кейін, тұрғындардан жобалық ұсыныстар келіп түседі.
Тұрғындар мыналарға қатысты ұсыныстар бере алады:
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ХҚБ сервисі туралы хабардарлықты арттыру үшін МО ИРБП басты бетінде «Өмірлік жағдайлар (жаңа формат)» бөлімінде ақпарат қалыптастырылды және жарияланды https://www.gov.kz/service-card/143.
Сондай-ақ, ХҚБ қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді.