Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 564 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170-17 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласының әкімі
|
|
Ғ. Сыздықбеков |