ҚР Экология кодексінің 29-бабы 5 тармағына сәйкес әзірленген 2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы (хабарландыруға қоса тіркеледі) қоғамдық таңдауларға шығарылады.
Қоғамдық тыңдаулар ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында сағат 15-00-де Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3) өтетіндігін хабарлаймыз.
Ескертпелер мен ұсыныстарыңызды prirodab@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдауға болады. Туындаған сұрақтар бойынша 8/7252/247510 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.
Азаматтарды 2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.