«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 3 тамыздағы №03-12/487 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Молодая Гвардия көшесіне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.
- «Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №318 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №106 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 маусымда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
- осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.