2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу

2023 жылдың 1 желтоқсандағы Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 105,0 пайызға орындалды (жоспар 557 049,3 млн.теңге, нақты 585 132,1 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 28 082,8 млн.теңгеге артық орындалды.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 109,1 пайызға орындалған(жоспар 284 531,8 млн.теңге,  нақты  310 437,9 млн. теңге), 25 906,1 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.12.2021 жылға– жоспар бойынша 134 671,5 млн.теңге жоспарланып, нақты 150 335,2 млн.теңгені құрап, 111,6 %-ға орындалған.

1.12.2022 жылға – жоспар бойынша 217 707,5 млн.теңге жоспарланып,нақты 245 525,7 млн. теңгені құрап, 112,8%-ға орындалды.

1.12.2023 жылға– жоспар бойынша 284 531,8 млн.теңге жоспарланып, нақты 310 437,9 млн.теңгені құрап, 109,1%-ға орындалды.

Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы екі есеге артқан.

каз
Дата публикации
21 декабря 2023