2023 жылдың 1 қарашадағы Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 105,5 пайызға орындалды (жоспар 486 412,9 млн.теңге, нақты 512 994,6 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 26 581,7 млн.теңгеге артық орындалды.
Оның ішінде, өзіндік кірістер 108,1 пайызға орындалған (жоспар 258 904,7 млн.теңге, нақты 279 828,8 млн. теңге), 20 924,1 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.
Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:
1.11.2021 жылға– жоспар бойынша 122 338,6 млн.теңге жоспарланып, нақты 130 474,4 млн.теңгені құрап, 118 %-ға орындалған.
1.11.2022 жылға– жоспар бойынша 163 132,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 197 342,1 млн. теңгені құрап, 121%-ға орындалды.
1.11.2023 жылға– жоспар бойынша 258 904,7 млн.теңге жоспарланып, нақты 279 828,8 млн.теңгені құрап, 108,1%-ға орындалды.
Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы екі есеге артқан.