Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Тулип Холл көпсалалы кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) қызметінің мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, музыка өнерін дамыту, жаңа дарындарды таныту және отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік идеясы негізінде Қазақстан халқының мәдениетін өзара байыту мен жақындастыруға барынша ықпал ету, мәдени функцияларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнер туындыларын насихаттау болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты қала көлемінде музыка өнерін дамыту, жаңа дарындарды таныту және отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік идеясы негізінде Қазақстан халқының мәдениетін өзара байыту мен жақындастыруға барынша ықпал ету
Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызметтің түрлерін жүзеге асырады:
және шығармашылық-көркем өнер қызметі саласындағы саясатын іске асыруды;
8) орындаушылық хореографиялық ұжымдардың жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
9) қызметтік ғимараттарды және оларға жақын жатқан аумақты пайдалануды жүзеге асыру, оның ішінде оларды жалға беруді.
Кәсіпорынның құрылтайшысы - Шымкент қаласының әкімдігі.