2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу

2023 жылдың 1 қазандағы Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 110,4 пайызға орындалды (жоспар 422 944,1 млн.теңге, нақты 466 787,2 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 43 843,1  млн.теңгеге артық орындалды.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 115 пайызға орындалған (жоспар 219 003,2 млн.теңге,  нақты  251 899,3 млн. теңге), 32 896,1 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.09.2021 жылға– жоспар бойынша 100 125,4 млн.теңге жоспарланып, нақты   118 024,4 млн.теңгені құрап, 118%-ға орындалған.

1.09.2022 жылға– жоспар бойынша 163 132,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 197 342,1 млн. теңгені құрап, 121 %-ға орындалды.

1.09.2023 жылға– жоспар бойынша 219 003,2 млн.теңге жоспарланып, нақты 251 899,3 млн.теңгені құрап,115%-ға орындалды.

Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы екі есеге артқан.

каз
Дата публикации
31 октября 2023