БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ»

2019 жылғы 24 мамырдағы ҚР Президенті жанындағы отандық инвесторлар кеңесінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында өңірлерде «Бірыңғай есеп беру күнін» өткізу тапсырмасына сәйкес жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізу бекітілген. Осыған орай, есеп беру күні ағымдағы жылы 28 қыркүйекте өткізілді.

Бірыңғай есеп беру күнінің мақсаты бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту.

Іс-шара аясында бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылап және бизнес-қауымдастықпен кері байланыс қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.

Бақылау-қадағалау органдарының тексеру барысындағы анықталған құқық бұзушылықтар туралы және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеялар талқыланды.

Бірыңғай есеп беру күніне кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі, прокуратура органдары, мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

 

 

 

 

 

қосымша 1
Дата публикации
16 октября 2023