2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 171 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.
2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 9 749 814, жеке тұлғаларға: 9 732 834 және заңды тұлғаларға: 16 980 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 65 536 (үлесі 0,7%), жеке тұлғаларға: 54 024 және заңды тұлғаларға: 11 512 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 9 684 278 (үлесі 99,3%), жеке тұлғаларға: 9 678 810 және заңды тұлғаларға: 5 468 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 9 816 бірлік.
2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.
2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.
2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 14 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 115 бұзушылықтар (2022 ж. – 46, 2023 ж. – 69) анықталды.
2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 46 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 5, орындалғаны – 5.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 9 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 2 473 адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 18 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шымкент қаласы әкімдігі