2023 жылдың 1 қыркүйегіне Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 112,3 пайызға орындалды (жоспар 372 486,8 млн.теңге, нақты 418 327,3 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 45 840,5 млн.теңгеге артық орындалды.
Оның ішінде, өзіндік кірістер 115,5 пайызға орындалған (жоспар 194 786,6 млн.теңге, нақты 224 968,2 млн. теңге), 30 181,6 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.
Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:
1.09.2021 жылға– жоспар бойынша 90 099,9 млн.теңге жоспарланып, нақты 105 097,4 млн.теңгені құрап, 116,6%-ға орындалған.
1.09.2022 жылға– жоспар бойынша 133 212,0 млн.теңге жоспарланып,нақты 167 866,7 млн. теңгені құрап, 126%-ға орындалды.
1.09.2023жылға– жоспар бойынша 194 786,6 млн.теңге жоспарланып, нақты 224 968,2 млн.теңгені құрап, 115,5 %-ға орындалды.
Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы екі есеге артқан.