Әкім есебі

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша қала әкімінің аппараты мен әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдарға          «е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 23634, бұлттық құжат айналымы арқылы 4018 өтініш түскен.

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштердің мемлекеттік органға тікелей түскені – 16612, басқа органдар мен мекемелерден қайта бағытталып келгені – 7022, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен – 459, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан  түскені – 195,  телнұсқалар – 533. 

Есепті кезеңдегі мемлекеттік органда қаралған өтініштер – 20197,  қарау мерзімі ұзартылғаны – 410,  құзіретіне қарай толық қайта бағытталған өтініштер –3805, ішінара қайта бағытталғаны – 909, қарауға қалғандары –1388.

Өтініштердің  орташа қаралу мерзімі – 10 күнді құрайды.

 Өтініштердің түрлері бойынша тіркелген хаттардың 16840-ы өтініш, 1161-і шағым, 5633-і басқа да өтініштер.

Жеке тұлғалардан түскені – 18120, заңды тұлғалардан – 4397,      ұжымдық өтініштер – 1117, анонимді өтініштер – 2.

8 ай қорытындысы бойынша жоғарғы тұрған органдардан 78 тапсырма түскен. Оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен - 17;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан - 54;
  • Министрліктерден – 7

 

Өтініш берушілердің әлеуметтік сипаты

Жалпы өтініш иелері саны 12526. Оның ішінде 10972-і жеке тұлға, 1554-і заңды тұлғалар.

Сонымен қатар өтініш берушілердің басым тобы 31-40 жас аралығындағы (28.8%) азаматтар болса, 53.8 % әйел,  46,2 % ерлер.

Өтініш иелерінің 35,1% жұмыспен қамтылғандар, 24,5% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер,                15,5% зейнеткерлер, 11,6% әлеуметтік мәртебесі анықталмағандар,           9,2% көпбалалылар.

8 ай қорытындысы бойынша өтініштер тамыз айында көп тіркелген (2935), ең аз қаңтар айына тиесілі (2115). Апта күндеріне шаққанда өтініштер дүйсенбі күні көп түскен (5908).

Өтініштердің сипаты бойынша:

  • 2023 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша өтініштер көп тіркелген органдардың бестігі:
  • Қала әкімінің аппараты – 6680;
  • Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы – 3282;
  • Білім басқармасы – 1384;
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 1367;
  • Тұрғын үй басқармасы –1230;

«Qlik» талдамалық модулінен алынған мәліметтерге сәйкес  өтініштердің мазмұны, сипаты бойынша ТОП 5 мәселелер төмендегідей:

  • Жер және жерді пайдалану сұрақтары – 4104 (17,7%);
  • Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласындағы сұрақтар – 2829 (11,63%);
  • Құрылыс саласы– 1877 (7,7%);
  • Көлік және коммуникация – 1391 (5,7%);
  • Білім саласы – 1344 (12,2%);
каз
Дата публикации
19 сентября 2023