2023 жылдың 28 қыркүйегінде Шымкент қаласында «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. «Есептің бірыңғай күні» аясында бақылау - қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.
Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, Прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау – қадағалау органдарына сұрақ қоюға шақырамыз.