Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбелерді бекіту туралы

Азаматтық қорғаныс бойынша

қалаларды топтарға, ұйымдарды

санаттарға жатқызу жөніндегі

тізбелерді бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 16 маусымдағы №17-02-01/226-И хатына сәйкес:

  1. Шымкент қаласының азаматтық қорғаныс бойынша қаланы – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуы Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Оспановқа жүктелсін.
  3. Осы өкімнің мүдделі ұйымдарғажеткізілуін қамтамасыз ету Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник М.Жаксибаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
  4. Осы өкімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
    М. Исаховқа жүктелсін.

Қала әкімінің

міндетін уақытша атқарушы                                             Қ. Асылов

каз
Дата публикации
11 сентября 2023