План мероприятий по реализации предложений и замечаний акима города Шымкента Айтенова М. Д. На встрече с жителями города в I,II квартале 2023 года

№

Аты жөні,

мекен жайы

№

Ұсыныс, ескертудің

МАЗМҰНЫ

Шешу жолдары

 

АБАЙ АУДАНЫ

1.     

ТҰРҒЫНБАЕВА
Мадина
Қайнарбұлақ саяжай

1      

Мемлекеттік қолдаумен жеке меншік мектеп салып едім. Осыған орай, №125 мектептің үшінші аусымдағы оқушыларымен мұғалімдерін жаңадан ашайын деп отырған мектепке өткізуге көмек берсеңіздер?

2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап "Қайнарбұлақ" т.а. Жаңақұрылыс аумағында бастауыш сынып оқушыларына арналған заманауи Ы.Алтынсарин  жекеменшік мектебі (164 орындық) ашылды. Осыған байланысты №125 мектептің үшінші ауысымдағы оқушыларын ауыстыру бойынша ата-аналар, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ауысу келісілді. 2023 жылғы қаңтарда №125 мектептен 35 оқушы (1 сыныптан-10 оқушы, 2 сыныптан-15оқушы, 3 сыныптан-8 оқушы, 4 сыныптан-2 оқушы) ауысты.

 

2.     

БАҚҚАРАЕВ

Асылбек

2      

"Құйнарбұлақ" тұрғын алабы мен саяжайындағы табиғи газдың құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін, «ҚазТрансГаз» Аймақ ЖШС құжаттары бар үйлердің техникалық төлқұжатын рәсімдей берсе деген ұсынынысымыз бар.

"ҚазтрансГазАймақ" АҚ тарапынан табиғи газ құрылысы  толық аяқталған кейін, жобаға сәйкес құжаттар (газ желісінің сызбасы, газ желісінің жобасы, атқарылған жұмыстардың сапасы туралы анықтама және газ желілерінің арнайы мамандандырылған мекемелерден ұсынылатын анықтамалары) ұсынылған жағдайда техникалық шарт беріледі. Алайда, мердігер "Отау Строй" ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталмауына байланысты "ҚазтрансГазАймақ" АҚ тарапынан техникалық шарт жасалынбайды

 

3.     

Т.Қожабергенов

Қайнарбұлақ тұрғын алабы

3      

Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Жаңақұрылс аумағына ауыз су, электр қуаты және табиғи газдың құрылыс жұмыстары қашан аяқталады?

Ауыз сумен қаматамасыз ету мақсатында мердігер "Мелиоратор" ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда, ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында (1 және 2 кезең) құрылыс жұмыстары «Отау Строй» ЖШС-і тарапынан өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022ж басталып, қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
Электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын мердігер «А.Мерей И К» ЖШС-і атқаруда. 
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 57 пайызы аяқталды. Нәтижесінде, шағын ауданның бір бөлігіне (қаладан Таскешу ауылына қарай бағытта шағын ауданның оң жақ бетіне) электр қуаты берілді. Бүгінде 380-ге жуық тұрғын сапалы электр қуатын тұтынуда. Ал, қалған бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

4      

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі төмен деңгейде, осы мәселені қолға алсаңыздар?

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Бастау-03» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және тасымалдаумен айналысуда. Қазіргі таңда кестеге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жұмыстар аудан әкімінің бақылауына алынған

 

5      

Балалар және спорт алаңшасын салып беруіңізді сұраймыз.

"Қайнарбұлақ" т.а. бюджет есебінен 2 спорт алаңшасы орнатылған. Қосымша тағы 1 алаңша орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда аумақтан бос жер телімі іздестірілуде.

 

4.     

РЫСБЕКОВ Шынболат
Қайнарбұлақ тұрғын алабы
 

8-776-530-71-57

6      

Табиғи газ мәселесі бойынша менің ақшам жоқ үйге кіргізетін, осы мәселеге көмек берсеңіздер өтініш

Қазіргі таңда, Қайнарбұлақ тұрғын алабында табиғи газ құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін абоненттеу жұмыстары жүргізілу барысында мәселеңіз ескерілетін болады.

 

5.     

СЕГІЗБАЙ
Өскенбай
Қайнарбұлақ тұрғын алабы

7      

Қайнарбұлақ елді мекеніндегі инженерлік инфрақұрылым жүйелері құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға алып,  аяқталу уақытын барынша тездетіп берсеңіздер.

"Қайнарбұлақ" т.а. инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің сапасы басты назарда. 2023 жылдың соңына дейін инженерлік жүйелердің (су, табиғи газ, электр) құрылысы тұрғындарға пайдалануға берілетін болады.

 

6.     

УМИРЗАХОВА Ақмарал

Қайнарбұлақ саяжай

8      

Қайнарбұлақ саяжайында әр үш күн сайын электр жарығы сөніп қала береді. Жел, жаңбыр тұрмасада жиі сөнеді. Осы ақауды қалпына келітіріп берсеңіздер.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен "Қайнарбұлақ" саяжайындағы электр трансформаторларын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жүктемесі үлкен трансформаторлардағы істен шыққан өшіріп-қосу автоматтары қуаты жоғары автоматтарға ауыстырылды. Қазіргі уақытта электр қуаты тұрақты берілуде.

 

 

 

9      

Қайнарбұлақ саяжайында  ашылған №10 емхананың амбулаториясында мамандандырылған дәрігерлер УЗИ, Рентген аппараттары жоқ, теқ қана медбикелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бір анықтама алу үшін 10 күн күтеміз себебі интернет жұмыс жасамайды.

№10 Қалалық емханадан арнайы кабинет бөлініп, дәрігерлердің қабылдау кестесі жасалды. Кестеге сәйкес кардиолог, невропотолог, хирург, эндокринолог мамандары қабылдау жүргізуде. Дәрігерлік амбулаторияның рентген кабинеті үшін қосымша ғимарат салу жөнінде ұсыныс жолданып, қаралуда. Емханааның УДЗ аппаратын жөндеу жүргізіліп, іске қосылды.  Сонымен қатар, 2 төсек орынды күндізгі стационар кабинеті ашылды.

 

10   

Қайнарбұлақ саяжайында 69 үйде газ құрылғыларын  ШРП қоятын орын жоқ.  Осыған орай, жерлерді мемлекет мұқтажына қайтарып, газ құрылысын жалғастыруды сұраймыз.

"Қайнарбұлақ" саяжайын табиғи газбен қамтуда 69 дана ұжымдық ШРП «шкафтык газ реттеу пункті» орнату қарастырылған. 69 дана  шкафтык газ реттеу пункттерін орнату орындары белгіленіп, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары 2022ж басталып, қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылды.

 

11   

Қайнарбұлақ саяжайында 3-4 жерде яғни, жеке тұрғын үйлерде 50-100-ге жуық ит ұстайтын үйлер бар. Осының заңдылығын қарастырып, бақылауға алсаңыз.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен ішкі істер органдары (полиция) "Қайнарбұлақ" саяжайындағы Вишневая көшесі, №151 үйдің тұрғыны Я.Тариеваға «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығының талаптары түсіндірілді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР  2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің 407-2-бабының талаптары бұзылған жағдайда айыппұл салуға алып келетіндігі ескертілді.

 

каз
Дата публикации
04 сентября 2023