Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі                        «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 2) тармақшасына, «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы                          29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11940 тіркелген) сәйкес және                               Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 2 шілдедегі №03-12/414 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Игілік тұрғын үй алабы, Көкмардан көшесі №32 үйде бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Көкмардан көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  1. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
  • осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 июля 2020