2023 жылғы І-ші жартыжылдықта қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 123 діни бірлестік тіркелген (анықтама: 91– Исламдық, 6 - Православие, 1 - Католик, 7 - Елуіншілер, 5 – Пресвитериандық, 5 – христиан Баптистер, 3 - Ехоба куәгерлері, 1 - Жаңа апостолдық шіркеу, 1 – Иудейлік, 1 –Бахаи, 1 – Адвентистер, 1 - Кришна).
Миссионерлер туралы
Шымкент қаласының аумағында 8 миссионер бар. Олардың ішінде: 2 – Корея Республикасы, 2 - Украина, 1 – Италия,1 – Аргентина, 1 – Тәжікстан, 1- АҚШ.
Сенімдер контексінде:
1 - пресвитериандық, 6 католицизм, 1 – елуінші діни бағыттардың өкілдері.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
Қалада құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 113 адам бар (1 қалалық, 5 аудандық топ) дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтарды кешендi жұмыстарды жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру топтарымен жалпы 818 іс-шаралар өткізіліп, оған 41 200 адам қатысты.
Қарсы-насихаттық жұмыстардың барысы
Есепті кезеңде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында 1) Интернет-ресурстарында –2405 материал (оның ішінде: БАҚ-та - 425, интернет ресурста - 958 (138 мақала, 655 жаңалық, 165 бейнеролик), әлеуметтік желіде - 1022 (facebook - 345, instagram - 210, tiktok - 60, telegram - 203, «ВКонтакте» - 84, youtube бейнехостингі - 120) орналастырылған.
2023 жылғы І-жартыжылдықта «Кибернадзор» жүйесінде радикалды мазмұндағы 9570 материал есепке алынып, мазмұндағы материал бұғаттау үшін жолданды.
«Аналитикалық интернет-карта» бағдарламасымен «В Контакте» және «Инстаграм» желісіндегі исламдық бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымы қауымдастықтарына тіркелген 3690 аталған азаматтарға діни сергек болу мақсатында құқықтық және діни танымдық ескерту хабарламасы жолданды. Нәтижесінде 129 желі қолданушысы кері байланысқа шығып, аталған қауымдастықтардың зияндылығы жайында білмегенін жеткізіп, қауымдастықтардан бас тартты.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлесіп «Stop terrorizm» атты Телеграм каналында терроризмге алдын алу іс-шаралары жоспары бойынша жалпы 136 мақала салынды.
Орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
Есепті кезенде, құқық қорғау органдарымен бірлесіп діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзған 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.