2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 172 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 174/НҚ бұйрығымен жаңа қызмет түрі енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтер саны 173-ке дейін ұлғайды).
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 6 582 801, жеке тұлғаларға: 6 571 596 және заңды тұлғаларға: 11 205 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 50 269 (үлесі 0,8%), жеке тұлғаларға: 42 667 және заңды тұлғаларға: 7 602 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 6 532 532 (үлесі 99,2%), жеке тұлғаларға: 6 528 929 және заңды тұлғаларға: 3 603 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 6 175 бірлік.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.
2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша 10 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 75 бұзушылықтар анықталды.
2023 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 9 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 3, орындалғаны – 3.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 6 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 1612 адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.