Азаматтық бюджет

2023 жылғы 1 мамырындағы жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу

2023 жылдың 1 мамырында Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 114,8 пайызға орындалды (жоспар 168 872,6 млн.теңге, нақты 193 881,8 млн.теңге),  немесе кіріс бойынша жоспар 25 009,2 млн.теңгеге артық орындалды.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 118,1 пайызға орындалған (жоспар 86 336,0 млн.теңге,  нақты  101 998,0 млн. теңге), 15 622,0 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.05.2021жылға– жоспар бойынша 43 440,7 млн.теңге жоспарланып, нақты 54 487,7 млн.теңгені құрап, 125,4 пайызға орындалған.

1.05.2022жылға– жоспар бойынша 55 849,4 млн.теңге жоспарланып, нақты 68 505,3 млн.теңгені құрап, 122,7 пайызға орындалған.

1.05.2023жылға– жоспар бойынша 86 336,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 101   998,0 млн.теңгені құрап, 118,1 пайызға орындалды.

Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы 87,2 пайызға артқан.

каз
Дата публикации
01 июня 2023