2023 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу
2023 жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 119,9 пайызға орындалды (жоспар 121 354,8 млн.теңге, нақты 145 513,7 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 24 158,9 млн.теңгеге артық орындалды.
Оның ішінде, өзіндік кірістер 122,4 пайызға орындалған (жоспар 59 125,0 млн.теңге, нақты 72 355,1 млн. теңге), 13 230,0 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.
Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:
1.04.2021жылға– жоспар бойынша 16 514,3 млн.теңге жоспарланып, нақты 36 477,4 млн.теңгені құрап, 2,2 есе артық орындалған.
1.04.2022жылға– жоспар бойынша 40 622,5 млн.теңге жоспарланып, нақты 42 856,1 млн.теңгені құрап, 105,9 пайызға орындалған.
1.04.2023жылға– жоспар бойынша 59 125,0 млн.теңге жоспарланып, нақты 72 355,1 млн.теңгені құрап, 122,4 пайызға орындалды.
Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы 2,0 есеге артқан.