Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі                   №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының тұрғын үй баскармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы каулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Утебаеваға жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласының әкімі                                       М. Әйтенов

каз
Дата публикации
19 апреля 2023