«2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы»

Бюджеттік бағдарламаларды    
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу  
және бекіту (қайта бекіту) қағидалары                   және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың  2-қосымшасы

Бекітілді

2023 жылғы «10» сәуірдегі                                                             № 10 н/қ бұйрыққа № 1 қосымша

 

 

БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМА

121 Шымкент қаласы әкімінің аппараты

бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы

2023-2025 жылдарға арналған

 

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы: 010 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар»       

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы  – Г.П.Мауленкулов

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                    23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561 Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                         31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы   24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы. «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы                                   3 сәуірдегі №2/12-VIII шешімі. «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы                   23 желтоқсандағы №2580 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы                        5 сәуірдегі №746 қаулысы.

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әскерге шақыру пунктінің қызметін қамтамасыз ету.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды  қамтамасыз ететін ұйымдастыру жұмыстары 100%.

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар әскери борышын өтеу үшін азаматтырды шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған.

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

каз
Дата публикации
13 апреля 2023