2023 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 172 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес).
2023 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 3 225 598, жеке тұлғаларға: 3 221 259 және заңды тұлғаларға: 4 339 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 19 964 (үлесі 0,6%), жеке тұлғаларға: 17 012 және заңды тұлғаларға: 2 952 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 10 451, жеке тұлғаларға: 10 199 және заңды тұлғаларға: 252 қызмет;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 9 513, жеке тұлғаларға: 6 813 және заңды тұлғаларға: 2 700 қызмет;
Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 3 205 634 (үлесі 99,4%), жеке тұлғаларға: 3 204 247 және заңды тұлғаларға: 1 387 қызмет ұсынылды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 2 761 962, жеке тұлғаларға: 2 760 575 және заңды тұлғаларға: 1 387 қызмет;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 443 672 (жеке тұлға).