Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының
5-14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласының әкімі
|
|
М. Әйтенов
|