Қалада 39 229 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.
Оның ішінде
бірінші топтағы 3 804 азамат;
екінші топ 15 197 азамат;
үшінші топ 12 750 азамат;
18 жасқа дейін 7 478 бала.
Мүгедектігі бар азаматтардың жалпы санынан 13 744 мың Мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатыспауы болжамданып отыр:
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылар – 471.
Мүгедектігі бар азаматтардың қатысатын болжам саны 25 485 адам құрайды, оның ішінде дауыс беру кезінде ерекше жағдайлар қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылардың барлығы 6 254 азамат.
Барлық сайлау учаскелерде кресло-арбаларды пайдаланушылар үшін жасырын дауыс беруге арналған кең кабина қарастырылған, тактильді көрсеткіштер орнатылған, Парламент Мажілісінің партиялық тізімді оқу үшін Брайль қарпімен трафарет, және қалған бюллетендерге арналған арнайы трафарет пен аудио диск дайындалған.
Барлық сайлау учаскелері 1 этажда орналасқан, пандустар орнатылған
Қала бойынша құрылған 330 сайлау учаскесінің барлығында мүгедектігі бар адамдарға тиісті жағдайлар, қолжетімділік ұлттық стандартқа сәйкес жасалған.
Сондай-ақ, сайлау күні тірек қимылы бұзылған арбаға таңылған азаматтарға 28 дана Инватакси және 47 сурдо аудармашы қызмет көрсететін болады.
330 сайлау учаскелері туралы ақпарат мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпараттық қолжетімділік интерактивті картасына енгізілген.
Арнайы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматтағы мониторы бар компьютер, құлаққаптар, брайль шрифтімен орындалған таңдау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру шамдар, үлкейткіштермен (лупа), және тағы басқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.