Кандидаттарды тіркеу қорытындылары, кандидаттардың шығыстар мөлшерін белгілеу және шетелдік байқаушыларды аккредиттеу туралы баспасөз релизі

19 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен келесі мәселелер бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті:

1. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы»;

2. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы»;

3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекет пен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы».

Отырысқа облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты. Саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау Миссиясының өкілдері шақырылды.

Отырыстың трансляциясы сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, интернет-ресурс және Youtube арқылы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Нұрлан Әбдіров сайлау үдерістеріне елеулі қоғамдық қызығушылық пен белсенділік, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқанында жоғары бәсекелестік азаматтарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беретін сайлау заңнамасының жаңалықтарымен ерекшелетінін атап өтті.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды бірмандаттық округтер бойынша тіркеу қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

каз
Дата публикации
19 февраля 2023