«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:                                                                                                                  

  1. Шымкент қаласы мәслихатының.« Шымкент қаласының мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №52/442-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №55 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртiбін және мөлшерін айқындау туралы»;

қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы шешімді Шымкент қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;

2)   ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

каз
Дата публикации
14 февраля 2023