«2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының         2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің     2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бекітілсін:

         1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың                 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары;

         2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі;

         3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі;

  1. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

каз
Дата публикации
14 февраля 2023