2023 жылғы 1қаңтардағы жағдай бойынша Шымкент қаласының азаматтық бюджетінің орындалуы туралы шолу
2023 жылдың 1 қаңтарына Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 101,8%-ға орындалды (жоспар 603 047,9 млн.теңге, нақты 613 900,5 млн.теңге), немесе кіріс бойынша жоспар 10 852,6 млн.теңгеге артық орындалды.
Оның ішінде, өзіндік кірістер 104,1 %-ға орындалған (жоспар 269 443,8 млн.теңге, нақты 280 563,7 млн. теңге), 11 119,9 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.
Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:
1.01.2021жылға– жоспар бойынша 135 812,9 млн.теңге жоспарланып, нақты 145 329,6 млн.теңгені құрап, 107,0%-ға орындалған.
1.01.2022жылға– жоспар бойынша 169 982,7 млн.теңге жоспарланып, нақты 174 491,5 млн.теңгені құрап, 102,7%-ға орындалған.
1.01.2023жылға– жоспар бойынша 269 443,8 млн.теңге жоспарланып,нақты 280 563,7 млн.теңгені құрап,104,1%-ға орындалды.
Соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар-болжамы 1,9 есеге артқан.