«Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінде және газеттердің
www.shymkala.kz ресми сайтында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінен және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінен және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында баспа алаңын беру төлем мөлшері бекітілсін (2-қосымша).
- Осы бұйрық және 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінен және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы Ереже газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында жариялансын.
- «Шымкент ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарнама қызметіне:
1) 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» және «Панорама Шымкента» газеттерінен және газеттердің www.shymkala.kz ресми сайтында баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы осы бұйрықпен бекітілген Ереженің сөзсіз сақталуын қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етілсін;
3) Осы бұйрықтың көшірмесі орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қосымшаларымен бірге ұсынылсын;
4) Осы бұйрықтың көшірмесін «Шымкент ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушысының өкілетті өкіліне (қатысушының өкілетті өкілінің міндетін атқарушы тұлғаға) қосымшаларымен толық көлемде ұсынылсын.
- Серіктестіктің есеп-қисап бөлімі: 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттығына тіркелген кандидаттарға осы бұйрықтың 2-қосымшасында белгіленген мөлшерде газеттерде баспа алаңын бергені үшін ақы алуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Директор Н. ОРИМБАЕВ