Шымкент қалалық мәслихатына 32 депутат сайланады, оның ішінде 32 қалалық мәслихат депутаттары.
Қалалық мәслихат депутаттарына 6 партиялық тізім бойынша 68 кандидаттардың тізімдері ұсынылды:
«AMANAT» партиясы 31 (кандидаттар),
«Ауыл» партиясы 6 (кандидаттар),
«Қазақстан халық партиясы» партиясы 6 (кандидаттар),
«Ақжол» партиясы 13 (кандидаттар),
«Байтақ» партиясы 8 (кандидаттар),
«Respublica» партиясы 4 (кандидаттар).
Саяси партиялар құжаттарды Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынады. Әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны кемінде 30 пайызды құрайды.
Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 16 кандидат, қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 153 кандидат ұсынылды, оның ішінде 7 кандидат өз өтініштері бойынша, кандидаттықтан алынды.
Орташа есеппен бірмандатқа 9 адам.
Ұсынылған кандидаттардан 125 ерлер, 21 әйелдер.
Ең жас кандидат 2000 жылғы, ең ересек 1951 жылғы.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та және сайлау комиссияларының интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Барлық іс-шаралар Сайлау туралы конституциялық Заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтеді.
Ұсыну кезеңінде өтініш келіп түспеген. Тікелей ұсыну мәселелеріне қатысты телефон арқылы келіп түскен өтініштер дереу түсіндірілді.