20.01.2023 ж. / №36
Шымкент қалалық мәслихат
депутаттарының кезекті сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім аудандық аумақтық және қалалық округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
- Осы шешім сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға Қ. Құнанбаев
Хатшы Ұ. Исабаева