ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шымкент қаласының тұрғын үй» мемлекеттік мекемесі  Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Шымкент қаласы бойынша авариялық (тозған) тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасының іске асыру тетігі мен өлшемшарттарын, оның ішінде реновациялауға жататын объектілерде тұрғын үй иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қаржыландыру, оның ішінде уәкілетті ұйымды тарта отырып қаржыландыру тетіктерін белгілеу мәселесі туралы  жария тыңдау өткізіледі.

Реновациялау бағдарламасы жобасының мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқасын ашық НҚА интернет-порталынан (https://legalacts.egov.kz/) көруге болатынын хабарлай отырып, тиісті ұсыныстар мен ескертулеріңізді қалдыруыңызға болатынын мәлімдеймін.

Сілтеме: (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14383033)

Жария тыңдаудың қорытындысы бойынша 2023 жылдың 8 ақпан күні сағат 10-00 де және 16-00 де Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының ғимаратында өткізілетін жиында (пікірталастар/жария тыңдаулар) бекітілетін болады. Жиынға қатысу үшін алдын-ала 3 күн бұрын төмендегі байланыс номері арқылы жазылуыңыз қажеттігін ескертеміз.

Қосымша ұсыныстар мен ескертулер қабылдау бойынша Шымкент қаласының түрғын үй басқармасы,  мекенжайы: Шымкент қ., Республика даңғылы 12А,  тел: 8 (7252) 56-10-03, ✉ b.zhumakhan@shymkent.gov.kz

 

реновация қаз
Дата публикации
17 января 2023