«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының жыл қорытындысы бойынша есебінің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 167 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған  (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 жылғы №467/НҚ бұйрығымен жаңа қызмет түрлері енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтер саны 173-ке дейін ұлғайды).

 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 10 562 664, жеке тұлғаларға: 10 553 986 және заңды тұлғаларға: 8678 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 127 292 (үлесі 1,2%), жеке тұлғаларға: 123 149 және заңды тұлғаларға: 4 143 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 77 056, жеке тұлғаларға: 76 056 және заңды тұлғаларға: 1 000 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 50 236, жеке тұлғаларға: 47 093 және заңды тұлғаларға: 3 143 қызмет;
қаз
Дата публикации
11 января 2023