Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Ш Е Ш І М І

 

29.12.2022 ж. / №33

 

Шымкент қаласы мәслихаты

депутаттарын сайлау жөніндегі

бірмандаттық аумақтық сайлау

округтері бойынша округтік сайлау

комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Шымкент қалалық аумақтық  сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №32 шешіміне сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 16 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. №№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Шымкент қаласының мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы шешім Шымкент қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергілікті газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                   Қ. Құнанбаев

 

Хатшы                                                                   Ұ. Исабаева

 

қаз
Дата публикации
29 декабря 2022