Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Ш Е Ш І М І

29.12.2022 ж. / №32

 

Шымкент қаласы мәслихаттың

депутаттарын сайлау бойынша

аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шымкент қаласының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау үшін  округ құрылсын.
  2. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша шешімге қосымшаға сәйкес шекараларда 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  3. Шешім Шымкент қаласының мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы шешім Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және қаланың жергілікті газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Төраға                                                                               Қ. Құнанбаев

 

         Хатшы                                                                              Ұ. Исабаева

 

 

қаз
Дата публикации
29 декабря 2022