«Шымкент қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу және Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы бойынша қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты әдеттегі және әлеуметтік мәні бар қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;

2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты әдеттегі және әлеуметтік мәні бар қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №978 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №81 болып тіркелген) қаулысы;

2) «Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 650 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №137 болып тіркелген) қаулысы.

 

 

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

            "КЕЛІСІЛДІ"

 

      Шымкент қаласы

      мәслихатының хатшысы

      __________ Б. Нарымбетов

 

      2022 жыл  "__" __________

 

қаз
Дата публикации
21 декабря 2022